«Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету,қажетті қызметтерді алу туралы ақпараттар мен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпар

Дата: 2020-02-05 11:39:53

    «Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету,қажетті қызметтерді алу туралы ақпараттар мен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті құжаттар және нормативтік-құқықтық актілердің тізімдері ақпараттық стендта жасалды.

   1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік стандарты.

   Көрсетілетін қызметті алушы (немесеоның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
      2) 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген));
      4) баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосурет;

2019 жылдың қаңтарынан  2019 жылдың желтоқсанына дейін барлығы 99 өтініш келіп түсті.

Барлық құжаттар стандартқа сай қабылданды. Ешқандай бұзушылықтар жоқ.

    2. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);

      3) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат;

      4) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жарамды);

      5) ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда);

      6) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).

      2019 жылдың қаңтарынан  2019 жылдың желтоқсанына дейін барлығы 22  өтініш келіп түсті.

Барлық құжаттар стандартқа сай қабылданды. Ешқандай бұзушылықтар жоқ.

3. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.

2019 жылы 3 өтініш келіп түсті. «Балқаш қаласының Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 1Б сынып оқушысы Бекишева Айза Ермекқызы 2019 жылғы 05 қыркүйек айындағы №430 бұйрығына сәйкес,  5Б сынып оқушысы Солтан Елжан 2019 жылғы 17  қыркүйек айындағы №453 бұйрығына сәйкес,5А сынып оқушысы Жуматова Жанерке 2019 жылғы 26 қараша айындағы №626  бұйрығына сәйкес және  ата-анасының өтініші мен ақпараты негізінде үйде оқитын оқушыларға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Барлық құжаттар стандартқа сай қабылданды. Ешқандай бұзушылықтар жоқ.

4. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      2) 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген));

      4) баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосурет;

2019 жылдың қаңтарынан  2019 жылдың желтоқсанына дейін барлығы 1 өтініш келіп түсті.

     Барлық құжаттар стандартқа сай қабылданды. Ешқандай бұзушылықтар жоқ.