Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
Дата: 2019-11-01 12:01:13
Хаттама №1
27.08.2019ж
Қатысқандар:
Сыздыкова С.Х- мектеп директоры.
Тлеукулова Т- қамқоршылық кеңесінің төрайымы
Нургалимова Н.Б- кеңес мүшесі
Смагулова К-кеңес мүшесі
Кубаева И- ата-ана, Кеңес мүшесі
Баймаганбетова М- кеңес мүшесі
Мусаханова Д.Ж.- директордың тәрбие жөнінен орынбасары
Токтаубаева К.Ж- директордың оқу ісі жөнінен орынбасары
Жолдасбекова М.М- директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары
Касатова Б.Т- әлеуметтік педагог.
Күн тәртібінде:
1. Қамқоршылық Кеңесі төрайымының 2019-2020 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар бойынша есебі.
2. Қамқоршылық Кеңесінің хатшысын сайлау, Кеңес мүшелерінің құрамын бекіту.
3. Қамқоршылық кеңесінің 2019-2020ж жұмыс жоспарын талқылау, бекіту.
4. «Мектепке жол-2019» акциясы бойынша жасалған жұмыстардың есебі.
1. Тыңдалды: Бірінші сұрақ бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Тлеукулова Т.С 2018-2019 оқу жылында Кеңес жұмысының жылдық есебін берді: Оқу жылы бойы Кеңес мүшелері мектепте ұйымдастырылған барлық іс-шараларына белсене қатысты. Кеңес жұмысының жылдық жоспарына сай аз қамтылған, жағдайсыз отбасыларына рейд жүргізілді. ЖББ қорынан бөлінген қаражатты дұрыс, теңдей бөлу сияқты жұмыстар жасалды.
2.Тыңдалды: Кеңес төрайымы Тлеукулова Т.С.2019-2020 оқу жылындағы «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкесмүшелердің Кеңес мүшелігіне өзгеріссіз қалуына ұсынысын айтты.
3.Тыңдалды: Кеңес төрайымы Тлеукулова Т.С., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М. Жолдасбекова Қамқоршылық кеңестің мүшелерін 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасымен таныстырды.
4.Тыңдалды:Кеңес төрайымы Тлеукулова Т.С Кеңестің мүшелеріне 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасымен таныстырды.
4. Тыңдалды: әлеуметтік педагог Нығыметжанова Г.М: қыркүйек айының 1-нен бастап «Мектепке жол-2019» акциясы бойынша 27 ата-анадан өтініш түсті. Акция бойынша қаламыздың кәсіпкерлері мен кәсіпорын ұжымдары өтініш берген аз қамтылған отбасы балаларына Қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша 45 білім алушыға мектепке қажетті оқу-құралдар мен киімдер сатып алынды. Акция 30-қыркүйекке дейін болады. Жұмыс әрі қарай жалғасады.
Шешімі:
1- мәселе бойынша: Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылындағы атқарған жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
2- мәселе бойынша: Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен мүшелері тағайындалып, келесі құрамда бекітілсін:
1.Тлеукулова Т.С - 8А сынып білім алушысының ата-анасы, Кеңес төрайымы
2. Жолдасбекова М.М – хатшы.
3.Кудайбергенов Б.Б.- құқық қорғау органы өкілі, Кеңес мүшесі
4.Муслимов А.К.- қайырымдылық жасаушы, Кеңес мүшесі(келісім бойынша)
5.Калпебаев Т.К-коммерциялық емес ұйымның өкілі, Кеңес мүшесі(келісім бойынша)
6.Нургалимова Н.Б-ата-ана, Кеңес мүшесі
.7.Смагулова К- ата-ана, Кеңес мүшесі
8.Кубаева И- ата-ана, Кеңес мүшесі
9..Баймаганбетова М- ата-ана, Кеңес мүшесі
3- мәселе бойынша: 2019-2020 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.
Мерзімі: 21.09.2019ж. Жауапты: директордың тәрбие жөнінен орынбасары Жолдасбекова М.М.
1- мәселе бойынша: «Мектепке жол- 2019» акциясы бойынша жұмыс қанағаттанарлық деп есептелсін. Демеушілік көрсеткен барлық кәсіпкерлер мен кәсіпорын ұжымдарына алғыс жариялау.
Кеңес төрайымы: Тлеукулова Т.С
Хатшы: Жолдасбекова М.М