«Жасдәурен» жазғы алаңындағы 4-маусым күні Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған «Рәміздерім – мақтанышым» атты өткізілген іс-шара анықтамасы
Дата: 2018-06-04 14:17:01
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 4-маусым күні сағат 10.00-де «Рәміздерім – мақтанышым»атты интеллектуалды сайыс өтті. Іс-шараның мақсаты –оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер -рәміздермен жан-жақты таныстыру.Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Сайыс басталмас бұрын алаң тәрбиешілері өткізілетін іс-шара жоспарымен таныстырды. Cайысқа «Барыс» және «Сұңқар» топтары қатысты. Демалушылар топтаса отырып, берілген тапсырмаға белсене қатысып, сайысты қыздыра түсті. «Кім жүйрік?», «Сырлы суреттер», «Ойлы болсаң, озып көр» айналымдарындағы қызықты тапсырмаларды барлық топтар белсене орындады. Сайыс соңында жеңімпаз атанған «Барыс» тобы марапатталды.
Сағат 11.00-де «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты салтанатты сап жиыны өткізілді. Сап жиынында мектебіміздің ұстаздары, алаң тәрбиешілері мен демалушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады.
Сағат 11.30- да «Мақтанышым –мемлекеттік рәміздер» атты суреттер сайысы мен шығармалар сайысы ұйымдастырылды. Кіші топ тәрбиеленушілері сурет салса, үлкен топ тәрбиеленушілері шығарма жазды. Сайыс соңы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталынды.
Сағат 12.00-де Қоңырат кентіндегі кітапханаға саяхат жасады. Кітапханашы балаларға түрлі жұмбақтар жасырды, мақал-мәтелдерден жарыс өткізді. Сонымен бірге демалушылар өздеріне ұнаған түрлі кітаптарды оқып қызықтады.