«Екі жұлдыз»

Дата: 2017-12-04 07:49:18

    «Әнді сүйсең, менше сүй» - деп Абай атамыз айтқандай25-қараша күні  мектебімізде «Өзін – өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің  ұстаздары мен мектеп оқушыларынан құралған 7 жұп қатысты. Байқауды аға тәлімгер  Қалиақпар Назым мен 7Б сынып оқушысы Танырбергенова Динара жүргізді. Бірінші сайыскерлер Бөлеген Жанболат пен 5 «А» сынып оқушысы Нұртуған Жанел «Әке мен ана» әнін шырқаса, Қасатова Бақыт Төлеуханқызы мен 6 «Б» сынып оқушысы Сеитқали Аружан «Әппағым» әнін шырқады. Одан бөлек «Ұнайды маған», «Құрбылар», «Рухты ару», «Ал, құрбым», «Миллион алых роз» сынды әндер шырқалды. Байқау көрермен көңілінен шықты.

   Қазылардың шешімі бойынша «Әнші Бұлбұл» номинациясын Бөлеген Жанболат пен Нұртуған Жанел, Қасатова Бақыт Төлеуханқызы мен Сеитқали Аружан жеңіп алды. Сонымен қатар «Ең үздік трио» номинциясын Тоқабаева Саида Саметқызы мен Кәрімхан Аруна және Маденятова Амина, «Көрермендер көзайымы» номинациясын Сүлейменова Шолпан Нұржанқызы мен Кәрімхан Айым, «Талантты жұп» номинациясын Имашова Мақпал Баймұратқызы мен Игембаева Амина және Мирамова Амина, «Үздік биші жұп» номинациясын Қалиақпар Назым Орынбасарқызы мен Сәктай Алтынай алды. Байқаудың соңында сайыскерлер «Екі жұлдыз» әнін орындады.