ЖББ №25 орта мектебінің «Ұлағат» әкелер кеңесі және «Көркем» аналар мектебінің мүшелерінің қалалық «Отбасы- бақыт мекені » атты қалалық форумға қатысуы бойынша анықтама мен фотоесеп
Дата: 2017-11-29 08:36:56
25.11.2017ж Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінде қалалық «Отбасы- бақыт мекені » атты қалалық форум ұйымдастырылды. Форумға мектебіміздің «Ұлағат» әкелер кеңесі және «Көркем» аналар мектебінің мүшелері Садуакасов М.Б., Кеуеков М., Ныгыметжанов М.М., Сарсекенова Г., Айекина Ж., Сакенова Г. қатысты. Форумда ата-аналардың қолдан жасалған бұйымдарынан көрме, ата-аналарға арналып тренингтер өткізілді. Форум соңында қалалық Білім бөлімінің басшысы Агдарбекова Г.Ж. мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, бала тәрбиелеуде көрсеткен ықылас пен ілтипаты үшін ата-аналарға алғыс білдіріп, мадақтамалар тапсырды.