Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер күніне арналған апталықтың ақпары

Дата: 2017-11-29 08:08:41

Қыркүйек айының 14-21 аралығында Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер күніне арналған апталығы өтті. «Тіл - біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»  атты апталық 14 қыркүйек күні сап жиынында ашылды. Жоспарға сәйкес барлық іс-шаралар өткізілді, 2-11 сынып білім алушылары тегіс қатысты.

  Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер күніне арналған апталықты «Ана тілім – ардақ тұтар алтыным»  атты 1-4 сыныптар  арасында өткен мәнерлеп оқу сайысымен  қорытындыладық.Өлеңдерді нақышына келтіріп,мәнерлеп жатқа айтқан мына оқушылар әр сыныптар арасында жүлделі орындарға ие болды.