«Биле, биле» би сайысының өткізілгені туралы фотоақпар

Дата: 2017-11-29 07:39:55

24-қараша күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен 5-8 сыныптар арасында «Биле, биле» би сайысы ұйымдастырылды.

Сайыстың мақсаты: Өз халқының және өзге халықтардың мәдинетін танып білуге бағыттау. Оқушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр - сырын үйрету.

Сайысқа барлығы 43 бала қатысты. Барлық оқушылар сайысқа үлкен дайындықпен келген. Әсіресе 5 «А» сыныбы орыс халқының биімен ерекше көзге түсті. Ал 6 «Б» сынып оқушыларының шаман биі көрермен көңілінен шықты. Сонымен қатар 8 «Б» сынып оқушылары грузин биін өз мәнінде билеп шықты. Сайыста оқушылардың киім үлгісі, сахна мәдениеті және синхронды қимылдары бағаланды.

Қазылар алқасының шешімімен 3-орынды 7А және 5Б сынып оқушылары, 2-орынды 7Б және 8Б сынып оқушылары, 1-орынды 6А және 6Б сынып оқушылары иеленсе, бас жүлдені 5 А сынып оқушылары жеңіп алды.