мектебіндегі «Латын әліпбиіне көшу барысындағы облыс әкіміні медиа-жоспарында » көрсетілген «1-4 сынып оқушылары арасында» өткізілген суреттер байқауы тақырыбында өткізілген іс-шара бойынша ақпар мен фотоесеп
Дата: 2017-11-22 09:27:58
ЖББ №25 орта мектебінде «Латын әліпбиіне көшу барысындағы облыс әкімінің медиа-жоспарында» көрсетілген 2017 жылдың 24 қарашасы күні 1- 4 сынып оқушылары арасында «Жаңа қазақ әліпбиі» тақырыбында суреттер байқауы іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шарада 1- 4 сыныптың 145 білім алушысы қамтылды. Байқауды бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі С.С.Токабаева ұйымдастырды. Іс-шара соңы қортындыланып, жеңімпаз білім алушылар анықталды. Жүлделі 1-орынға 4 А сынып білім алушысы Қалижан Ақтоты, 2- орынды 4 Б сынып білім алушысы Серікұлы Аян, 3-орынмен Ханатқызы Айтолқын жеңіске жетті. Жеңімпаз білім алушыларға мадақтамалар берілді.