Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» атты іс-шараның 13 желтоқсан- «Қуатты Қазақстан-қуатты өңірлер» атты күннің өткізілуі

Дата: 2016-12-13 10:40:20

ЖББ №25 орта мектебінде 2016-2017 оқу жылының 13-желтоқсаны  «25 жұлдызды күн» атты іс-шарада «Қуатты Қазақстан-қуатты өңірлер» тақырыбында ұйымдастырылды.Күннің  іс-шаралары Қазақстан өңірлерінің негізгі жетістіктерін насихаттауға және ілгерлетуге  арналды.

    Мектептің 1-қабатына 10 сынып оқушылары «Қуатты Қазақстан-қуатты өңірлер» тақырыбында бұрыш ұйымдастырды. Бұрышқа Қазақстандағы көптеген қуатты өңірлер туралы мәліметтер  ілінді. Бұрышты мектебіміздің оқушылары тамашалап, өздеріне керекті  мәліметтер алды.

     Мектептің радиоторабынан кезекші 7А сыныбының оқушылары туған жеріміздің қуатты өңірлері мен бірге өзіміздің  Қоңырат кенішіміз туралы көптеген мәліметтер берді. Соңынан мектептің радиоторабынан « Қазақстан » және  «Туған жер » туралы  әндер берілді.

    13 желтоқсан күні 5-11 сынып оқушыларынан мектебіміздің тіл мамандары Бөлеген Ж мен Мусаханова Д.Ж «Қуатты Қазақстан-қуатты өңірлер» тақырыбында шығармалар сайысын ұйымдастырды.  Сайыс соңы қорытындыланып,жеңімпаздар марапатталынды. 

 

     Бүгінгі күнні әр өткізілген іс-шарадан кең байтақ қазақ жерінің қайсысын алсақта қуатты өңір қатарынан табылатындығы сөзсіз,себебі еліміздің қай өңіріне тоқталсақ та әрқайсысының өз ерекшеліктері бар екендігіне оқушыларымыздың көзін жеткіздік.

    2-11 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік елдің ұландары» тақырыбындағы сап жины өтті.5 сынып оқушылары «Жасұлан» қатарына  қабылданды.