21 қараша «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты күннің өткізілуі бойынша анықтама

Дата: 2016-11-23 03:33:02
21 қараша «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты күннің өткізілуі бойынша анықтама

     ЖББ №25 орта мектебінде 2016-2017 оқу жылының 21 қарашасы күні «Қазақстан  Республикасының Конституциясы» бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.Бұл күннің іс-шаралары Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің тірегі ретінде Ата заңның тарихи маңызын кеңінен паш етуге арналды.

    21 қараша күні сап жиыны «Тәуелсіздік-аңсаған арман, қол жеткен мұрат» тақырыбында өткізілді. Осы аптада кезекшілік атқарған 7А  және 6Б сыныбының оқушылары осы тақырыптар негізінде мектебіміздің оқушыларына көптеген мәліметер берді сонымен бірге дәл осы күні мектебіміздің радиоторабынан  «Тәуелсіздік тұғырым » тақырыбында радиохабарлама оқыды. Осы күні өткізілген сынып сағаттары «Тәуелсіз Қазақстан-бейбітшілік пен бірліктің мекені» тақырыбында ұйымдастырылды. Мектептің кітапханасына  «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары тамашалады. Мектебімізде өткізілген әр іс-шараның мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жүрегінде өз еліне деген құрмет пен патриоттық сезімдерін ояту. Тәуелсіздіктің біздің елімізге оңайшылықпен келмегендігін түсіндіру. Әр күніміздің бақытқа толы болуының Тәуелсіздігіміздің арқасында болып жатқандығын  түсіндіре отырып, әр оқушының еліміз үшін өз үлестерін қосуы керектігін ұғындыру, сезіндіру, көздерін жеткізу.