"Балқашым-бағым" интеллектуалдық сайысы

Дата: 2016-11-02 08:25:15

Ы.Алтынсарин атындағы №25 орта мектебінде Балқаш қаласының 80 жылдығына арналған «Балқашым-бағым» атты тарихи-танымдық интеллектуалдық сайыс өтті.

Осы сайыста қала мектептерінің 8 командасы бақтарын сынады. Сайысымызды қалалық білім бөлімінің әдіскері Асемханова Гульнар Базылханқызы салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қоса ЖББ №3 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Алтынбеков Еркебұлан Қайратұлы және №25 орта мектебінің директордың оқу ісінің меңгерушісі Ботаханова Мөлдір Естайқызы  оқушылардың білімне әділ баға беріп, марапаттады.

Сайыс өте тартымды өтті.Оқушылар өздерінің оқуға деген, қаламыздың тарихына деген үлкен қызығушылығы мен білімін көрсете білді. 1-ші орынды №8 мектеп оқушылары иеленсе, 2-ші орынды №2 мектеп лицейі мен №15 мектеп-лицейі командалары,3- ші орынды №5 мектеп, №16 мектептер бөлісті.

Сайыс барасында мектебіміздің 9 сынып оқушысы Нұржанова Айзат ,  7 сынып оқушысы Мажит Әділет домбырада күй шертсе, 8 сынып оқушысы Шеш Сағыныш Балқаш қаласына арнап жазған жыр шумақтарын қонақтардың назарына ұсынды.