«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайланды.

Дата: 2016-10-09 17:38:42

   Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде  23 қыркүйек күні «Жас Ұлан» ұйымына басшы сайлау, яғни Ұланбасы сайлауы өткізілді. Ұланбасыға үміткерлер  8 сынып оқушысы  Сері Анеля мен 7 «А» сынып оқушысы Смагулова Майра болды. Үміткерлер алдын ала өздерінің бағдарламаларын сап жиынында ұсынған болатын. Сайлаудың комиссия мүшелері 6 сынып оқушылары  Танырбергенова Динара және Насипбек Жайна болды. Ұланбасын сайлауға 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Сағат 17.30-да сайлаудың комиссия мүшелері сайлау қорытындасын шығарды.Сайлау қорытындысы бойынша Серік Анеля 68,75 , Смагулова Майра 31,25 дауыс жинады. 2016-2017 оқу жылында «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы болып 8 сынып оқушысы Серік Анеля сайланды. Сайлау қорытындысы сап жиынында хабарланып, хабарландыру тақтасына ілінді.

  Сонымен қатар сайлау қорытындысына сәйкес «Мектеп президенті» 10 сынып оқушысы Нұрмағанбет Сырымжан, балалар маслихатының басшысы 7 «А» сынып оқушысы Төлеухан Әділхан сайланды.

    

Н.О. Қалиақпар

Ы.Алтынсарин атындағы

ЖББ №25 орта мектебінің

 аға тәлімгері