«Жаз аруы»

Дата: 2016-06-15 11:28:06

      ЖББ №25 орта мектебінде 8 -маусым күні «Жаз аруы» атты қыздар арасында байқау өтті.Алаңға келушілерді тәрбиешілер қарсы алып,өткізілетін іс-шараның мақсаты мен міндеттерімен таныстырды.Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде сайыскерлер өздерін таныстырып өтті. 2-кезеңде өз өнерлерін көрсетті. 3-кезеңде мақалдың жалғасы табудан жарысты. Сайыстың соңғы кезеңінде сайыскерлеріміз жаз мезгіліне байланысты түрлі киім үлгілерін көрсетті.  Сайысты қорытындылау үшін әділ-қазыларға сөз берілді.Әділ-қазылардың шешімімен 3 орынға Ақтоты, 2-орынға Еркеназ,                     1-орынға Амина ие болса көрерменнің көңіліне шығып, «Жаз аруы»  Самал атанды.


Тәрбиешілер: Қалиақпар Н.О.
Әмірбай Г.Ә.
Тулеубаева Г.Ж