Маусым –«Мемлекеттік рәміздер»

Дата: 2016-06-07 08:01:16

Ы.Алтынсарин  атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 4-маусым күні  сағат 10.00-де Маусым –«Мемлекеттік рәміздер»  атты іс-шара өтті.Іс-шараның мақсаты -балаларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Сайыс   басталмас бұрын алаң тәрбиешілері өткізілетін іс-шара жоспарымен таныстырды . Cайысқа «Ханшатыр» және «Бәйтерек» топтары қатысты. Демалушылар топтаса отырып, берілген тапсырмаға белсене қатысып, сайысты  қыздыра түсті. «Сіз білесіз бе?», «Сырлы суреттер», «Капитандар сайысы», «Ән жұмбақ»  айналымдарындағы қызықты тапсырмаларды барлық топтар белсене орындады. Барлық топтарға мадақтама берілді.

Сағат 11.00-де Қоңырат кентіндегі кітапханаға саяхат жасады. Кітапханашы балаларға түрлі жұмбақтар жасырды, мақал-мәтелдерден жарыс өткізді. Сонымен бірге демалушылар өздеріне ұнаған түрлі кітаптарды оқып қызықтады.

Сағат 12.00-де мектебіміздің ұстаздары, алаң тәрбиешілері мен  демалушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады.