«Жасдәурен» жазғы алаңындағы 3-маусым күні өткізілген «Жүректен жүрекке» атты өткізілген іс-шара бойынша анықтама.

Дата: 2016-06-07 07:52:35

 
 

  Ы.Алтынсарин  атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 3-маусым күні балалар дене шынықтыру мұғалімімен қоса таңғы жаттығулар жасады. Алаң тәрбиешілері  демалушыларды өткізілетін іс-шараның жоспарымен таныстырды. Балалар жануарлар әлемі туралы бейнефильмдерді қызығушылықпен тамашалады.  Бейнефильмдегі көре отырып оқушылар өз әсерлерімен, ойларымен  бөлісті. Жоспар бойынша балалар «Менің сыңарым кім?», «Даңқ сәті», «Менің қолымнан келеді» тақырыптарында көңілді ойындар  ойнады. Спорт залында өткен эстафета ойындарына белсенділікпен қатысты. Осы күні өткізілген іс-шарада демалушылардың  көңіл күйі көтеріңкі болып, үйлеріне тарасты.

                                                                             Тәрбиешілер:Қалиақпар Н.О.

Әмірбай Г.Ә.

Тулеубаева Г.Ж