Размер шрифта:

«Жасдәурен» жазғы алаңының ашылу салтанатына және «1 маусым- Балаларды қорғау» күніне орай өткізілген іс-шара ақпары

Дата: 2016-06-03 09:53:14

Маусымның 1- і  күні  сағат 9. 00-де мектебімізде «Жасдәурен» жазғы алаңының ашылу салтанаты өтті. Мерекелік концерт ойын бөлмесінде өткізілді. Ойын бөлмесі гүлдермен, шарлармен, плакаттармен безендірілді.Мерекелік концертті 6 сынып оқушылары  Гинаятова Аружан мен Талғат Арнұр жүргізді. Жазғы алаңның ашылуына байланысты  мектебіміздің басшысы С.Х.Сыздыкова демалушыларды мерекелерімен құттықтады.Алаң басшысы С.С. Тоқабаева демалушыларды алаң тәртібімен, жоспарымен таныстырды. Демалушылар жаз туралы өлеңдер оқып, 2-сынып оқушылары Дамбай Самал мен Бакирова Меруерт «Балапан» әнін шырқады. Сонымен қатар 4- сынып оқушысы Кәрімхан Айым «Бір үйдің баласындай» әнін орындап, демалушылардың көңілінен шықты. Концерт соңында демалушылар флешмоб биін биледі.

Сағат 10. 00-де алаң тәрбиешілері  «Жұлдызды сәт» көңілді ойындар сайысын өткізді. Сайыс шарты бойынша балалар  өз өнерлерін көрсетті. Жұлдызды сәт ойынының жеңімпазы  Кәрімхан  Айым атанды.

Сағат 11.00-де  дене шынықтыру мұғалімі Сәтиев Б.Т. «Көңілді старт» спорттық ойындар сайысын жүргізді. Сайысқа 3 топ қатысты. Балалар  ойын шарттары бойынша кедергілерден өтті.  Ең жүйрік әрі шапшаң болып табылған «Достық» тобы жеңіске жетті.

Сағат 12.00-де «Біз бақытты балдырған» тақырыбында асфальтқа сурет салу сайысы өтті. Сайысқа барлық оқушылар белсене қатысып, әр түрлі тақырыпта суреттер салды. Суретті әдемі бейнелеп салған  Әлімхан Бекнұр мен  Сәрсембаева Асылай мақтау қағазымен марапатталды.

Сонымен қатар барлық балаларға тәтті таратылып, демалушылар көтеріңкі көңіл күймен тарқады.