«Мейірімділік – қайырымдылық атты тренинг».
Дата: 2015-12-04 04:01:03
Күні: 21.10.15 ж.
Сынып: 6- сынып.
Тақырып: «Мейірімділік – қайырымдылық атты тренинг».
Мақсаты: 1. Мейірімділіқ туралы балаларға түсінік беру;
2. Күнделікті өмірде осы қасиеттерді қолдануға үйрету.
Оқушылардан «мейірімділік» жайында сұрақ- жауап арқылы сауалнама алынды.
1. «Мейірімділік» деген не?
2. «Неге мейірімді болу керек?»
3. «Қалай мейірімді болуға болады?» деген сұрақтар қойылды.
Жауаптары:
1. «Мейірімділік мен үшін тек адамға жақсылық жасап қана қоймай оның жан дүниесін түсіне білу деп ойлаймын.мейірімділік адамды құтқарады. Сондықтан да мейірімді болайық»;
2. «Әрине мейірімділіксіз біздің әлем қандай болар еді? Көз алдымызға елестету тіпті мүмкін емес. Мейірімділіксіз әлем қараңғы түнекке айналар еді»;
3. «Адам өзін- өзі,өзгені сыйласа, онда ол мейірімді адам болып саналады»деп жазбаша өз ойларын түйіндеді. Балалардың мейірімділік жайлы өз пікірлірі көп екен.
Сабақ соңында оқушыларға «мейірімділік» жайлы психологиялық кеңес берілді.
Педагог- психолог: Казыбаева Д.Ж