17 қазан күні өткізген Рухани келісім күні
Дата: 2015-10-27 04:44:15
2015-2016 оқу жылының 17 қазаны күні –Рухани келісім орай мектептің тәрбие ісінің меңгерушілері М.М.Жолдасбекова мен Р.М.Болсамбекова 1-11 сыныптың білім алушыларына бүгінгі өткізілетін іс-шара жоспарымен таныстырып,ұйымдастыру кезеңін өткізді.
Қай ғасырда болсын халқымыз жас ұрпақты рухани келісім арқылы тәрбиелей отырып,кейінге талай ұлағаттысөздерін,іс-тәжірибелерін қалдырған.Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылы 18 қазанда аталып өтіп,содан бері бұл күн-Қазақсатандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі болып саналады. Ұлтымыз бен діни сенімімізге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн-қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні.
Айтулы күні мектебімізде жергілікті жердің мешіт имамы Ғ.М.Досмақов ағай келіп арнайы уағыздар жүргізіп,елді ынтымаққа шақыру жолында 7-11 сынып оқушыларымен әңгіме өткізді.
Мектеп кітапханашысы Б.Қазбекова мен аға тәлімгер Н.О.Қалиақпар «Біз-бір елміз,біртұтас халықпыз» атты бұрыш ұйымдастырды.
1-4 сынып жетекшілері «Ұлтымыз бен дінімізге қарамастан,біз бір елміз» атты тәрбие сағаттарын өткізді.
9 -11 сыныптар арасында «Бейбітшілік бар жерде береке жүреді» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
7-8 сыныптар «Бірлігіміз бекем,Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын» атты дәріс сағатын өткізді.
Келешекте де бірлік пен қайырымдылық,жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде жыл сайын мектебімізде аталып өтетін болады.Рухани келісім күні барша қазақстандықтарға құтты мүбарак болсын!Ислам діні-жалпы қай дінге болсын,қай ұлтқа болсын дұрыс қатынас ұстап,ауызбірлікке уағыздап жүретін дін.Әр игі іс үлкен ұйымшылдықпен өтті.