Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша 10 қазан 2015 жылы облыстық «Сенбіліктің» өткізілуі туралы мәлімет.

Дата: 2015-10-11 11:04:53

            Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 10 қазан  күні белгіленген жоспар  бойынша сағат 9.00 –ден  сағат 12.00  арасында  сенбілік өтті.Сенбілікке 7-10 сыныптың білім алушылары мен мектептің кіші қызметкерлері ,ұстаздары шықты.Сенбілікте әр сынып өздеріне бекітіліп берілген жұмыс орындарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге  мектептен 10 метр қашықтықта мектеп қоршауының маңайына тазалық жұмыстарын жүргізді.

               Сенбілікке 83 білім алушы мен 10 кіші қызметкер және 4 сынып жетекші  және 9 ұстаз қатысты.Тазалық жұмыстары өз дәрежесінде өтті.