«Жас Ұлан» ұйымына Ұланбасы сайлау туралы ақпар.

Дата: 2015-10-11 10:15:33

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде  19 қыркүйек күні «Жасұлан» ұйымына басшы сайлау,яғни Ұланбасы сайлауы өткізілді. Ұланбасыға үміткерлер  9сынып оқушылары  Нұрмағанбет Сырымжан, 8 сынып оқушысы Болат Рахат болды. Үміткерлер алдын ала өздерінің бағдарламаларын сап жиынында ұсынған болатын. Сайлаудың комиссия мүшелері 11сынып оқушылары  Әсет Әсел және Жақсыбай Әлфия. болды. Ұланбасын сайлауға 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Сағат 17.30-да сайлаудың комиссия мүшелері бюллетеньдердің қорытындысы бойынша Нұрмағанбет Сырымжан             27,5  пайыз,  Болат Рахат 52,7 пайыз дауыс алды. Сайлау қорытындысы бойынша 2015-2016 оқу жылында «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы болып 8 сынып оқушысы Болат Рахат сайланды. Сайлау қорытындысы сап жиынында хабарланып, хабарландыру тақтасына ілінді.

Сонымен қатар сайлау қорытындысына сәйкес «Мектеп президенті» 10 сынып оқушысы Хуанған Айдана, «Жасұлан» ұйымының басшысы, яғни Ұланбасы  8 сынып оқушысы  Болат Рахат , балалар маслихатының басшысы 7 сынып оқушысы Туғамбай Ханшайым сайланды.