21.09.-27.09 аралығында өткен «Қала күні» мерекесіне сәйкес өткізілген іс-шаралар туралы ақпар.

Дата: 2015-10-11 10:12:03

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 21 қыркүйек күні 1-11 сыныптың білім алушыларына арналған қала күні мерекесіне байланысты «Менің қалам-Менің елім» тақырыбында салтанатты сап жиыны өтті.Сап жиынында осы аптада өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

21 қыркүйек күні мектептің 1 қабатында «Біз сенімен мақтанамыз» тақырыбында мерекелік бұрыш ұйымдастырды.

23 қыркүйек күні 5-8 сыныптың білім алушылары арасында «Балқаш-болашақтың қаласы» тақырыбында мектепішілік ашық хаттар сайысы өтті.

24 қыркүйек күні 9-11 сыныптың білім алушылары «Нұрлы Балқаш-Нұрлы өңір» тақырыбында мектепішілік шығармалар сайысы өтті.

25 қыркүйек күні 1-11 сыныптарда «Менің қаламның келбеті» тақырыбындағы сынып сағаттары өтті.Сынып сағатында білім алушылар өз қалалары туралы өз ойларымен бөлісті.

25 қыркүйек күні мектептің 1 қабатына «Қош келдің,берекелі алтын күз» тақырыбында 5-9 сыныптар арасында жеміс-жидектерден көрме ұйымдастырылды.Көрмені мектепке келген ата-аналар мен білім алушылар тамашалады.

26 қыркүйек күні сағат 12.00-де 2-6 сыныптың білім алушылары арасында «Біздің жеңісіміз ,Балқаш саған » тақырыбында көңілді мәре өтті.Жеңімпаздар марапатталынды.

27 қыркүйек күні сағат 11.00 мен 13.00 аралығында 5-11 сыныптың білім алушылары арасында  әртүрлі спорттық іс-шараларды мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі  Б.Т.Сәтив ұйымдастырды.Іс-шаралар соңында жеңімпаздар марапатталынды.

27 қыркүйек күні сағат 16.00-де Қоңырат кенішінің клубында №3 мектеп пен №25 мектептің білім алушыларының бірлесіп ұйымдастырған мерекелік іс-шара өтті.Іс-шараны  кеніштің тұрғындары келіп тамашалады .Сонымен бірге мерекелік концертке Балқаш қаласының мәдениет сарайының өнерпаздары да келіп,өз үлестерін қосты.Мереке соңынан жиналған қауым мерекелік көңіл-күймен үйлеріне тарасты.