ЖББ №25 орта мектебі бойынша 2015-2016 оқу жылындағы «Ата-ана бақылауы» қызметінің көрсетілетіндігін ұсыну мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы ақпар.
ЖББ №25 орта мектебінде 2015-2016 оқу жылында Білім басқармасы «Бала денсаулығы мен дамуына кері әсерін тигізетін ақпараттардан балаларды қорғау» заңының орындалуы аясында балалар мен жасөспірімдерді Интернет желісінің жағымсыз әсерінен қорғау мақсатында «Қазақтелеком» АҚ «Ата-ана бақылауы» қызметін көрсететіндігін насихаттау мақсатында 1-11 сыныптың білім алушыларының ата-аналарына мектеп директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары М.Б.Имашова түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге әр ата-анаға жаднамалар таратып берді.Жаднамаларда «Ата-ана бақылауы» қызметінің қалай қосылып,іске асырылатыны жөнінде көрсетілген.
Мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары М.М.Жолдасбекова «Интернетке тәуелділікті болдырмау» тақырыбында кеңес берді.
Осы өткізілген жиналыста балалар мен жасөспірімдер үшін интернет желісіне қосылудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өскелең ұрпақты қауіпті сайттардан қорғау бағдарламасын жүзеге асыру аясында Интернеттің жағымсыз әсерінен қорғау әдістерімен таныстырылып,бала денсаулығы мен дамуына нұқсан келтіретін ақпараттардан балаларды қорғау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.