Information about the action " Safe School"
Date: 2015-10-11 09:31:26
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 2015-2016 оқу жылының 20 тамызы мен 20 қыркүйегі аралығында Қарағанды облысының білім басқармасы Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының 40 тармағына сәйкес 2015 жылғы 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясының өткізілуіне сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне қоғамның назарын аударуға бағыттылған бұл акция мектебімізде «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» ұранымен басталды.
20 тамыз күні ДТЖО-лары 1-11 сыныптың жетекшілеріне осы акция барысында өткізілетін іс-шара жоспарымен таныстырды.
20 тамыз күні мектептің аға тәлімгері Н.О.Қалиақпар «Қауіпсіз жаз-2015» тақырыбында мектептің 1 қабатына көрме ұйымдастырды. Көрмені мектептің білім алушылары мен мектепке келген ата-аналар тамашалап, өздеріне керекті көптеген мәліметтер алды.
5 қыркүйек күні 1-11 сыныптың ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы өтті.
9-12 қыркүйек күндері 2-4 сыныптарда «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында суреттер сайысы өтті. Сайыс соңы салынған суреттер жинақталып, жеңімпаздар марапатталынды.
10-16 қыркүйек арасында «Қауіпсіз балалық шақ үшін» тақырыбында 5-10 сыныптарда шығармалар сайысы өтті.
14-20 қыркүйек арасында әр сейсенбі сайын «Бала өмірдің гүлі» тақырыбындағы радиохабарламаны кезекші сынып жүргізіп отырды.
Осы өткізілген әр іс-шара балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселелері бойынша көптеген іс-шаралар өтті. Әр іс-шарадан бала өмірдегі ең қымбат нәрсе екендігін білді.