«Жасдәурен» жазғы алаңның І кезеңінің «Қазақстан балалары – спортты таңдайды» атты іс-шара ақпары

Дата: 2015-06-17 08:33:53

   Жазғы алаңда 2015 жылдың 11 маусымында «Қазақстан балалары – спортты таңдайды» атты іс-шара өтті.

  Аталған іс-шара «Қазақстан балалары –Нұрлы жолмен!» республикалық акция аясында  ұйымдастырылды.

   Спорт – денсаулық кепілі демекші аталған іс-шараның мақсаты:балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту; балаларды дене даярлық сапасын арттыру, бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл — әрекетке жаттықтыру; ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

  Спорттық жарыс мынадай сайыстардан тұрды: «Кедергілерден өту», «Кенгуру», «Қолтырауын», «Бәрімізі біріміз үшін». Әр сайыстың жеңімпаздарын әділ-қазылар алқасы «бестік» ұпаймен бағалап отырды. Балалар спорттық жарысқа белесен қатысты. Спорттық жарыс соңында балаларға «Нептун күні» ұйымдастырылды.

 

 

Тәрбиешілер: Р.М.Болсамбекова

М.Е.Ботаханова