Размер шрифта:

"Алғыс айту"

Дата: 2024-02-28 15:36:58

2024 жылдың 26 ақпаны күні 8Б сыныбында "Алғыс айту" күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді.

Алғыс айту күні-ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметінің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл тағдыр тәлкегінен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

 



#біртұтастәрбие
#алғысайту