"Қыздар әсем көрінер бұрымымен"
Дата: 2024-02-23 16:20:35
12.01.2024 жылы "Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім" форумы аясында мектебіміздің "Үкілім" қыздар клубының жұмыс жоспарына сәйкес қыздар клубының жетекшілері Г.О.Айдарханова мен А. Хавдал және мектебіміздің педагог-психологы Д.Ж.Сагымбекова 1-11 сыныптың қыздарына "Қыздар әсем көрінер бұрымымен" атты тақырыпта кеңестер айтты.
Мақсаты: шаш өру, бұрымды шаш үлгісін көрсету, қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. Жан- жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының әдет - ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.