Балқаш қаласы Оқушылар сарайында 9-11 сынып оқушыларына мамандықтар жәрмеңкесі өтті

Дата: 2024-02-01 12:28:25

2024 жылдың 30 қаңтарында кәсіби бағдарлау мақсатында Балқаш қаласы Оқушылар сарайында 9-11 сынып оқушыларына мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке қонақтары Қарағанды қаласы академик Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті экономика, бизнес және құқық колледжі, Қарағанды медициналық университеті, Қарағанды болашақ академиясы мамандықтармен, оған бөлінетін грант мөлшерімен, стипендия туралы айтып өтті. Университеттертегі биылғы жылғы өзгерістермен таныстырды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.
#Карагандыоблысыбілім09
#кәсібибағдарберу
#uo_krg