Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі бойынша «4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні» мерекесіне арналған іс-шара ақпары

Дата: 2015-06-04 09:35:32

 

   2015 жылдың 4 маусымында сағат 11.00-де  «Жасдәурен» жазғы алаңында «4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні » мерекесіне арналған «Рәміздерім -мақтанышым» атты іс-шара өтті.

    Балалар  Қоңырат кентінің  кітапханасына  барып, көптеген қызықты мәліметтер алды. Іс-шара барысында  кітапханашы Қамиева Н. Балаларға арналған «Менің Республикам» атты суреттер сайысын ұйымдастырды. Екі топ балалары Қазақстан Республикасының рәміздері туралы  мәліметтерді топтап, класстерлер қорғады.

   Балалар «4 маусым – Қазақстан Республикасының рәміздері күні» тақырыбында асфальтқа сурет салды.  Қоңырат кентінің «Горняк» бағында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Спорттық ойындарға, әр сайысқа балалар белсене қатысты.

 

Мектеп директорының м.а.            С.С.Амирбаева