«Жасдәурен» жазғы алаңның «Бар жақсылық балаларға» атты «Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен» республикалық акция аясында өткен іс-шара ақпары 2.06.2015

Дата: 2015-06-02 09:44:38
 «Жасдәурен» жазғы алаңның «Бар жақсылық балаларға» атты «Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен» республикалық акция аясында өткен іс-шара ақпары 2.06.2015

 

2015 жылдың 2 маусымында сағат 11.00-де №25 орта мектебінің жазғы алаңында «Бар жақсылық балаларға» атты  «Қазақстан балалары –Нұрлы жолмен» республикалық акция аясында  ертеңгілік өтті.

  Іс-шара барысында балалар ән айтып, би билеп, көңілді ойындар ойнады. «Мен үшін..» , «Күн сәулесі», «Жүректен жүрекке» сайыстары ұйымдастырылды. Балалар әр сайыстың шарты бойынша  екі топқа бөлініп берілген жағдаяттан шығу жолдарын шешіп,  берілген тақырыпта өтірік өлең құрастырып, бір-біріне жақсы тілек сөздер айтты. Әр сайысқа балалар белсене бір кісідей қатысты. Жазғы алаңның екінші күні қызықты да сәтті өтті.

 

 

 

 

Алаң тәрбиешілері: Р.М.Болсамбекова

М.Е.Ботаханова