Қыз өссе- елдің көркі" тақырыбында жиналыс өткізілді

Дата: 2023-12-11 11:14:03

05.12.2023 жылы "Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім" форумы аясында мектебіміздің "Үкілім" қыздар клубының жұмыс жоспарына сәйкес 9-11 сыныптар арасында "Қыз өссе- елдің көркі" тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыста мектебіміздің педагог-психологы Д.Ж.Сагымбекова қыз балаларға тақырыпқа сай тренинг өткізді және қыздар клубының жетекшілері Г.О.Айдарханова мен А. Хавдал қыз бала тәрбиесіне байланысты кеңестер айтты.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.

#Карагандыоблысыбілім09#Біртұтас_тарбие
#ұлттыққұндылық
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_abb