Ы. Алтынсарин атындағы ЖББ № 25 орта мектебінде «Бірге – күштірек, сәттірек, бақыттырақ!» ата-аналарды және түлектерді ҰБТ-ға психологиялық дайындау бойынша тренингтік сабақтың өткізілуі туралы анықтама.

Дата: 2015-05-30 12:26:12

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен мектебімізде бірыңғай ата- аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: ҰБТ сәтті тапсыруға кешенді ықпал етуді жүзеге асыру, ҰБТ-ға дайындық және тапсыру кезінде түлектерге, олардың ата-аналарына толыққанды психологиялық көмек көрсету.


 
  Бүгінгі өткізіліп отырған конференцияның мақсат- міндеттерін таныстыра отырып, ата- аналарға және ҰБТ тапсыратын түлектерге  пайдалы кеңестердің түрлерін көрсеттім. Тренингті 11- сынып оқушыларымен және ата- аналарымен бастадым, атап айтсақ: 1- «Есіміңді ата» жаттығуы және
2- «Төрт шам туралы аңыз-әңгіме» мақсаты: сабаққа бағыттау және жоғарғы адамгершілік сезімдерге көңіл аудару, 3- «Емтихандарға қалай дайындалу керек» ақпаратпен таныстыру,және  «Кинезиологиялық жаттығу» (ойын). мақсаты: қозғалыс координациясы арқылы сергіту,
4-  Кіші топтарда жұмыс мақсаты: емтихандарға дайындық бойынша ақпараттық материалдарды бекіту.
5- «Өзімен және басқалармен келісімде өмір сүру».
мақсаты: толерантттылық пен сезімталдық қасиеттерді дамыту.
6- «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
мақсаты: босаңсу және оптимизм мен өзіне сенімділікті нығайту мүмкіндігі.
7- «Бояулар туралы аңыз-әңгіме»
мақсаты: әркімнің өз орны бар екенін және ұйымшыл бірліктің маңыздылығын көрсету.
8- «Рефлексия» жаттығуы
мақсаты: өткізілген сабақ туралы топ қатысушыларынан кері байланыс алу.


    Қорыта келгенде, ата-аналар мен түлектерге «ҰБТ сәтті тапсырайық!», «Отбасыларыңызда бірлік пен береке болсын!»- деген сөздермен аяқтап,
жадынамалар таратылды.
       Жиналыс өз мақсатына жетті.



Мектеп директорының м.а.             Амирбаева С.С
Мектеп психологы                          Казыбаева Д.Ж