«Өз көңіл күйіңе ықпал ет, оны жақсарт» тақырыбында психологиялық коммуникативті тренингтер өткізді.

Дата: 2023-11-20 15:06:40

2023 жылдың 10 қараша күні мектебіміздің педагог- психологі: Д.Ж. Сагымбекова 8- сынып оқушыларына психоэмоционалды жағдайды дамыту, аутодеструктивті және асоциалды мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Өз көңіл күйіңе ықпал ет, оны жақсарт» тақырыбында психологиялық коммуникативті тренингтер өткізді.
Іс-шараның мақсаты: мінез-құлық ерекшеліктері мен коммуникативті дағдылардың даму деңгейін зерттеу, аутодеструктивті және асоциалды мінез-құлықтың алдын алу, коммуникативті дағдыларды дамыту.
Тренинг барысында қатысушылар өздерін сабырлы сезінді, өз сезімдері туралы ашық айтты. Нәтижесінде қарым-қатынас мәселелерін диагностикалау және шешу, вербалды емес және вербалды қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өз сезімін тану, өз эмоцияларын жеңе білу жүзеге асырылды. Оқушылар конструктивті мінез-құлықтың жаңа тәсілдері туралы түсініктерін кеңейтті, проблемалық жағдайларды шешуде тәжірибе жинақтады.