“Жасдәурен” жазғы алаңының I маусымының жабылу салтанаты

Дата: 2023-06-20 15:56:53

2023 жылдың 14-маусым күні “Жасдәурен” жазғы алаңының I маусымының жабылу салтанаты өтті. Осы күнге орай балалар Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейіне барып қайтты. Музейде «Бақытты балалық шақ» атты іс-шара өтті. Балаларға көңілді қуаныш сыйлаған бұл мерекелік іс-шараның бағдарламасына тақырыптық экскурсиялар, түрлі ұлттық құндылықтарымыз және тарихымызбен таныстыратын ойын-сауықтық, танымдық іс-шаралар енді. Келген балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.⁣⁣⠀