Жасдәурен жазғы алаңы I ауысым VII күн

Дата: 2023-06-20 15:54:56

2023 жылдың 13 маусым күні "Жасдәурен" жазғы алаңында "Қауіпсіз жаз - 2023" акциясы ұйымдастырылды. Балаларға судағы, өрт кезіндегі, жолдағы қауіпсіздік ережелері таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. "Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!" атты тақырыпта балалар сурет салды. Сонымен қатар балалар көл жағасындағы Балқаш қаласының жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесіне саяхат жасап, судағы қауіпсіздік ережелерімен танысып қайтты.