Жасдәурен жазғы алаңы I ауысым V күн

Дата: 2023-06-20 15:47:15

9-маусым күні “Жасдәурен” жазғы алаңының балалары таза ауада серуендеп, қозғалмалы ойындар ойнады. Мұндай ойындар ептілікті, күшті арттырып, шынықтырады, денсаулыққа да пайдасы зор.
Су шашып ойнау – Шығыс Азия елдеріне тән қызықты ойындардың бірі. Оның қызығы сонда, қарсы келген адамды малмаңдай суға шомылдыру керек. Сонымен қатар балалар мозаика ойынын ойнады. Мозаиканы құрастыру үшін бала көптеген процестерді пайдаланады: есте сақтау, ойлау, қиялдау, қолдың ұсақ моторикасы. Мозаика зейінді жинақтап, бастаған істі соңына дейін жеткізуге, мақсат қойып, нәтижеге жетуге үйретеді. Оның көмегімен балалардың сөйлеу және ақыл-ой қабілеттері дамиды.