Наурыз 2015
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде
«Атадан келген асыл мұра» тақырыбында ұлттық фестиваль өтті.
Наурыз –көктемнің алғашқы айы. Ол көне иран сөзінен алынған.Нау-жаңа,руз-күн деген ұғымды білдіреді.Себебі наурыздың 22-і күні мұсылмандар үшін жыл басы.Жаңа жыл ,күн мен түннің теңесетін уақыты. Сондықтан Наурыз тойын «Ұлыстың ұлы күні»- деп атаған. «Ұлыс» -деген сөз мемлекет ,ел деген мағынаны білдіреді.Жер беті бусанып,қардың еріп,көктің шыға бастайтын бұл мезгілді « Жуанның жіңішкеріп,жіңішкенің үзілген шағы»-деп текке айтпаған.Мал төлдеп,халықтың аузы аққа тиіп бір жасап қалған.Ертеде 22- наурызда адамдар ерте тұрып,шыққан күнге «Армысың аяулы ,Күн-Ана » деп тағзым етіп,артынан ер-азаматтар қолдарына күрек алып,бұлақтарды тазартып көзін ашып,жерге ағаштар отырғызған.Бұл күні бір-біріне өкпелі адамдар барлық реніштерін ұмытып,төс қағысып құшақтасып көріседі екен.Бір-біріне жақсы тілектер айтып,ақ ниетпен бата беріскен.Наурыз тойын жұрт жақсы киімдерін киіп,үлкен қуанышпен қарсы алған.Бұл мейрамды 1926 жылға дейін тойлайды да тоқтап қалған,62 жылдан кейін,яғни1988 жылы қайта оралды.Наурыз күні дәстүрлі «Наурыз көже» пісіріліп,халық дәм татады.Дастарханға ұлттық тағамдар : бауырсақ, ірімшік, құрт,тары қоспасы,уыз,сары май, жеміс-жидектер қойылады.Жұрт бір-бірінің үйіне қыдырысып,үй иесі жомарт болса келген қонаққа орамал,көйлек сыйға тартады.Дастарханға жасы үлкен ақсақал немесе әже бата береді.
«Ырыс қайда барасың ?» десе.
«Ынтымағы жарасқан елге барамын» -дейді екен.Қазақстан көп ұлттың атамекені ,ынтымағы жарасқан халық бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Наурыз тойын барша қазақстандықтар тойлайды,бұл бейбітшілік пен берекенің,адалдық пен ақ ниеттің мерекесі.
Біздің мектепте де бұл мереке дүбірлеген той болып өтті. «Атадан келген асыл мұра » атты 19 наурыз күні 0-4 сыныптар арасында ұлттық фестиваль өтті.Мектептің спорт залында 5 ауыл бой көтерді. Кереге керіліп,үй-іші қазақтың ұлттық жиһаздарымен безендірілді.Дастархан жайылып,үсті ұлттық тағамдарға толды.Шақырылған қонақтар бір үйге іріктеліп отырғызылды.Мереке басынкеніш мешітінің бас имамы Ғ.М.Досмақов ашып, отырған халыққа ақ батасын берді.Әр сынып «Шаңырақ», «Бәйтерек» , «Күншуақ», «Көктем», «Бестерек» ауылдары болып, қазақ халқының салт-дәстүрін,өнерін,ұлттық ойындарын өте шеберлікпен жеткізді.Бір ауыл «Қыз қуу» салтын көрсетсе,екінші ауыл «Аластау» рәсімін, ал үшіншісі «Бесікке салу», «Тұсау кесер» рәсімдерін көрсетті.1 Б «Күншуақ» ауылы «Туған жер» әнін ата-аналармен бірлесе орындады.О сынып «Бәйтерек» ауылы «Наурыз » әнін нақышына келтіре, билеп жүріп орындады. 5-9 сыныптар арасында «Татулықтың тұтқасы-бірліктің белгісі»-атты ашық тәрбие сағатына славян этномәдениет орталығының өкілі Анна Владимировна Майде мерекемен құттықтап өз ұлтының салт-дәстүріне тоқталып,көптеген мәліметтер берді. Мектебіміздің 1 қабатында аға тәлімгер Н.О.Қалиақпар «Қадам басты,ұлыстың ұлы күні» тақырыбында бұрыш ұйымдастырса,мектеп кітапханасында «Наурыз жыл басы» атты тақырыппен кітап көрмесін кітапханашы Ж.Тоғайбаева апай ұйымдастырды.Ұлттық киімдер киген білім алушылар мен ұстаздарды ,мерекеге жиналған халықты көргенде мектеп іші емес,ауылда тойлап жүргендей сезімде болдық. Осындай мерекелік іс-шараны ұйымдастырған тәрбие ісінің меңгерушілері Жолдасбекова Маржан мен Болсамбекова Раушан мұғалімдере және сынып жетекшілеріне жиналған қауым ризашылығын білдіріп,рахметін айтты.
Ерітіп қарын даланың,
Жайнатып гүлін қаланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз-жыл басы.
Наурыз тойы құтты болсын ағайын!!!!!
Кітапхана белсендісі : Әркенова Ақмарал 10-сынып білім алушысы.