Кездесу қонақтары: ардагер ұстаздар: бастауыш сынып мұғалімі Керейбаева Орынбала Жудековна және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смагулова Несвелды Жомартовна

Дата: 2023-05-15 15:36:05

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімі «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ - де 8 наурыз аналар мерекесіне орай ардагер ұстаздармен кездесу өтті.
Мақсаты: облыстық «Өнегелі өмір» жобасын іске асыра отырып, ардагер ұстаздардың еңбек жолын оқушыларға үлгі ету, кәсіптік бағдар беру.
Кездесу қонақтары: ардагер ұстаздар: бастауыш сынып мұғалімі Керейбаева Орынбала Жудековна және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смагулова Несвелды Жомартовна. Кездесуде ардагер ұстаздар өз өмір жолын баяндады, оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар өлең оқыды, ән шырқады. Мектеп директоры Г.С.Мейрбекова құттықтау сөз сөйледі. Кездесу «Ұстазым» әнімен аяқталды. Жақсы әсер алған кездесу қонақтары оқушыларға тілек білдіріп, еліміздің болашақ ұрпақтарына сенім артатындарын айтты. Кездесуді ұйымдастырушылар: К.Ж.Токтаубаева мен Б.Т.Касатова