Балқаш қаласының Құрметті азаматы, жеке кәсіпкер Қасымбеков Серік Төлегенұлы

Дата: 2023-05-15 15:33:26

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де облыстық "Өнегелі өмір" жобаны іске асыру және қаржылық сауаттылық апталығы аясында кездесу өтті. Кездесу қонағы Балқаш қаласының Құрметті азаматы, жеке кәсіпкер Қасымбеков Серік Төлегенұлы оқушыларға еңбек жолы, кәсіпкер болу жолдарын түсіндіріп, әңгімеледі. Оқушылар сұрақтарына жауап алып, кәсіпкерлік және бизнес туралы мағлұматтар алды.
Қатысушылар: 10-11 сынып
Ұйымдастырушы: Тлеубек К.К