“Көркем” аналар мектебінің отырысы
Дата: 2023-05-14 22:18:28
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» дегендей, қазіргі заман ұл мен қыз тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Қыз баланың тәрбиесін ұлттық болмыстың барлық іргетасымен астастыратын халықтық қағиданы бүгінгі таңда біз де қалтқысыз ұстануымыз қажет.
2022 жылдың 1-желтоқсан күні “Қызым еркем, қылығымен көркем” тақырыбында “Көркем” аналар мектебінің отырысы өтті.
Аналар кеңесінің отырысын директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары М.М.Жолдасбекова ашып, халықтық тәлім - тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу, қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, ұлттық салт-санасын дамыту, тәрбиелеу, ұрпақ тәрбиесінде ата - бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты, отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелеу мақсатында баяндамалар оқыды.
Қыз бала гигиенасы, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге мектеп медбикесі Б.А.Тускеева ата-аналарға пайдалы ақыл-кеңестер берді. Отырыстың қорытындысы бойынша, Аналар кеңесінің мүшелері алдағы уақытта мектеп жасындағы қыз балалармен кездесу өткізіп, оларға аналық кеңес беру, өскелең ұрпақты дәстүрлі отбасылық құндылықтарға тартуда белсенділік танытуға және т.б. ауқымды жоспарларды жүзеге асыратынын айтты.