«Ұлағат» әкелер мектебінің отырысы
Дата: 2023-05-14 22:15:02
2022 жылдың 10-қараша күні мектебімізде «Ұлағат» әкелер мектебінің отырысы ұйымдастырылды. Отырысқа 5-11 сынып оқушыларының әкелері, мектеп директоры Г.С.Мейрбекова, директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасарлары Жолдасбекова М.М, Мусаханова Д.Ж, әлеуметтік педагог Касатова Б.Т, сынып жетекшілер қатысты.
Күн тәртібінде ер баланың денсаулығы; ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі, бала құқығы; әкенің ұл бала тәрбиелеудегі рөлі, оқушылар арасында кеңінен таралып, қазіргі таңның өзекті мәселелерінің біріне айналған электронды темекі бойынша сұрақтар талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерімен, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, белсенділік танытты.
Қорытындылай келе, бала үшін үй ішінде ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы екені әкелерге түсіндірілді.