“Төрлет, құтты Жаңа жыл!” атты мерекесі

Дата: 2023-05-14 17:23:30

2022 жылдың 27-28 желтоқсан күндері 0-8 сынып оқушылары арасында “Төрлет, құтты Жаңа жыл!” атты мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп залы безендіріліп, шырша құрылды. Оқушылар қызықты қойылымдар қойып, ән айтып, би биледі.
Жас ұстаздар ертегі кейіпкерлерін сомдап, өз өнерлерін ортаға салды. Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Барыс жылымен қоштасып, қоян жылын қарсы алып, қуанышқа бөленді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.