Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына орай «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі

Дата: 2023-05-14 17:16:02

2022 жылдың желтоқсан айының 14-күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына орай «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі өткізілді.«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Сап жиынын директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары М.М.Жолдасбекова құттықтау сөзімен ашып берді. Сап жиынында 5Б сыныбының 18 үздік және озат оқитын, қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын білім алушылары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға галстук пен төсбелгіні директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасарлары, ұстаздар және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері тақты. Қабылданушылар патриот болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді. Мейрамбек Жәнібектің орындауындағы «Қазақ елі» әні көпшіліктің көңілінен шығып, мерекелік көңіл күй сыйлады.