Балқаш сервис колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынама

Дата: 2023-05-12 12:30:29

2023 жылдың 24 наурызында кәсіби бағдар беру мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 9 сынып оқушылары қаладағы Балқаш сервис колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты.Колледж оқытушылары "Аспаз", "Туризм", " Шаштараз", "Электронды және сандық техникаларға қызмет көрсету" мамандықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Сонымен қатар, оқытушылар тәжірибелік сабақтар өтетін шеберханаларымен таныстырды. Мектеп оқушылары тәжірибелік жұмыстар жасап, мамандықтарға деген өз қызығушылықтарын білдірді.