Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуына 31 жыл және Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс

Дата: 2023-05-12 12:06:09

2023 жылдың 26-сәуір күні "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ-де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуына 31 жыл және
Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс ұйымдастырылды. Осындай іс –шараны ұйымдастыру мектепте дәстүрге айналған.
Іс-шараға “Әскери бөлім 53898 байланыс қызметінің бастығы” Ахмадиев Қ.И., “Өрт сөндіру бөлімі №4” аға жүргізушісі Каринулов Д.Д., Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән оқытушысы Кумисбеков Алибек әділқазы ретінде қатысты. Жарысқа қатысқан 5-9 сынып ұл балалар арасынан өзінің ептілігімен, күштілігімен көзге түсіп, жеңіске жеткендер бар. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Іс –шараның маңыздылығы соншалық келешек ұрпақты елінің тарихын білуге, құрметтеуге, патриот болуға тәрбиелейді.
Іс-шара соңында 9А сынып оқушысы Қалижан Ақтоты “Қазақстаным” әнін орындады.
Ұйымдастырушы - АӘТД жетекшісі және дене шынықтыру пәні мұғалімі Аскаров Ануар Акылбекович