Балқаш қалалық дін орталығының теологтары: Тұрлыбек Қадыр және Құдайберген Жандоспен кездесу

Дата: 2023-05-11 19:03:45

16.11.2022 күні Балқаш қалалық дін орталығының теологтары: Тұрлыбек Қадыр және Құдайберген Жандоспен кездесу өтті.
Мақсаты: оқушылардың жаман әдеттен аулақ болуға және діни сауаттылық білімін жетілдіру. Кездесуде 9-10 сынып оқушыларына діни экстремизмнің жастарға әсері, дәстүрлі емес діннің алдын алу, халықаралық терроризм мен діни экстремизмнің пайда болу тарихы туралы айтып берді. Адам бойындағы адамгершіліктің қалыптасуы адамның өзіне байланысты және білімге ұмтылу – басты бағытымыз екенін, шынайы жолға бағыттау, оған қол жеткізу үшін күресуіміз керектігін жастар алдына басты міндет екені түсіндірілді. Қазақтың ұлы тұлғалары Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсариннің нақыл сөздерін мысалға келтірді. Оқушылар өздерін ойландырып жүрген сауалдарға жауаптар алды.