«Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты сурет байқауы

Дата: 2023-05-10 14:23:33

2023 жылдың 23-27 қаңтар аралығында «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ» КММ-де Адал Ұрпақ ерікті мектеп клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты сурет байқауы өтті. Мақсаты: дарынды балаларды анықтап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жас буынды патриоттыққа тәрбиелеу. Оқушылар өз ойларын ашық жеткізе отырып, суреттің мазмұнына ерекше көңіл бөлгендігі жас буынның да жаңа санасының қалыптасқанын білдіреді.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

I орынмен: 5А сынып оқушылары Ақан Сезім, Азаматұлы Алпамыс; 5Б сынып оқушысы Кәрімхан Айша, 6Б сынып оқушылары Ордабек Айсұлу, Бейбіт Жасель; 7Б сынып оқушылары Танырбергенова Сабина, Айткулова Ажар;

II орынмен: 5А сынып оқушылары Бөлеген Амина, Адилханов Темирлан, Жарасова Айша, Әділбекова Гүлнұр, Дамирқызы Дильназ;

III орынмен: 5А сынып оқушылары Жаңабекұлы Ислам, Насипжан Жанерке, Саят Нұрислам, Болатбекұлы Әшірбек: 6Б сынып оқушысы Есенгелді Еркеназ және 7Б сынып оқушысы Бағдатұлы Санжар “Мен жемқорлыққа қарсымын” тақырыбында эссе жазып “Ең тұжырымды ой” номинациясымен марапатталды.