Балқаш қаласына танымал тарихшы, зерттеуші, музей қызметкері Даулет Асанханұлы Қожақовпен кездесу

Дата: 2023-01-27 15:01:58

Жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс-тәжірибесі - жас ұрпаққа кәсіби бағдар беретіні сөзсіз. Осы орайда 23.12.2022 күні Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімі «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі» КММ –де кездесу өтті.

Мақсаты:

«Өнегелі өмір» облыстық жобаны іске асыру,туған жердің дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту; өмірге дайындау, қоғамда, өмірде өз орындарын таба білуге баулу және кәсіби бағдарлау.

Кезекті кездесудің қонағы - Балқаш қаласына танымал тарихшы, зерттеуші, музей қызметкері Даулет Асанханұлы Қожақов. Көпшілікке танылған тарихшы өз өмірін баяндай отырып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде, келешек өмірде өз орнын таба білуге көп ақпараттар беріп, оқушы бойына қабілет пен іскерлік, ізденімпаздық пен талапкершілік қасиеттерін дарытты. Кездесу өте қызықты, мағыналы өтті. Сауалдар барысында оқушылар туған жерінің тарихын білді, бойларында тарихты келешек ұрпаққа жеткізуге сенім қалыптасты.

Ұйымдастырушылар: Казбекова Б.К; Бейсекина К.А