Ә.Мусин атындағы гуманитарлы - техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынама

Дата: 2023-01-27 14:18:30

2023 жылдың 06 қаңтарында кәсіби бағдар беру мақсатында "Ы. Алтынсарин атындағы № 25 ЖББ мектебінің" 9 сынып оқушылары қаладағы Ә.Мусин атындағы гуманитарлы - техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты. Колледж үш бағытта жұмыс жасайды: педагогикалық, техникалық және экономикалық мамандықтар. Колледж оқытушылары мен студенттері өз мамандықтары жайлы айтып, қазіргі заманға сай жасалған теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастырып және қозғалысты басқаруды оқу дәрісханасындағы заманауи интерактивті құралдар арқылы көрсетті.