Размер шрифта:

"Методика АРТ" әдістемесі

Дата: 2023-01-18 15:17:22

Қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қойылып отырған міндеттердің бірі- оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Мектептің әдістемелік жұмыс жоспары бойынша 2-қараша күні мектеп педагогтарына "Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы білім берудің кілті" тақырыбында семинар өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері Бакирова Г.М., Токабаева С.С., Разахберлі А.Қ. өздерінің сабақ үдерісінде қолданатын жаңа әдіс- тәсілдерімен бөлісті. Мектеп психологы Сагымбекова Д.Ж.  педагогтың мінез-құлқын анықтау мақсатында жас мамандарға арналған "Методика АРТ" әдістемесін жүргізді. Директордың ОІЖ орынбасары А.Б. Башарова мен бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Серикбек Г.О. "Топтық жұмыста қолданатын стратегиялар мен әдіс-тәсілдер" тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш  сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Амирбаева С.С.  оқушылардың жаратылыстану пәнінен зерттеу дағдыларын қалыптастыру бағытында жасаған жұмыстарын көрсетті.