«Жыл мұғалімі»
Мектебімізде мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру, насихаттау және озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқауға тарих пәні мұғалімі Бейсекина К.А., бастауыш пән мұғалімі Разахберлі А.Қ., шетел тілі пәні мұғалімі Бегімбаева А.А. қатысты. Мектепішілік кезеңде байқау ережесіне сәйкес әр қатысушы пәні бойынша 1 ашық сабақ және сыныптан тыс 1 іс-шара өткізді. Сабақты бағалау критерийлері: - сабақ типінің мақсатқа сәйкестігі және негізділігі; -құндылыққа бағдарланған оқыту мен тәрбиелеуді және фнкционалдық сауаттылықты дамыту үшін сабақтың мүмкіндіктері; - сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін әдістер мен әдістерді таңдаудың негізділігі; -білімалушыларды бағалау. Сабақты бағалау өлшемдеріне сәйкес «Жыл мұғалімі» байқауының қалалық кезеңіне тарих пәні мұғалімі Бейсекина К.А. өтті. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!